СОР28 қазба отыннан бас тартуды құптайды
СОР28 саммитіне қатысушылар ел көшбасшыларын қазба отыннан біртіндеп бас тартуға шақырды.
Олар конференция залына дейін ұзын-сонар кезек қалыптастырып, делегаттардан бастаманы құптауды талап етіп отыр. Күні кеше құжаттың соңғы әрі нақты мәтіні саммит лидерлерінің қолдарына тиді. Бүгін олар ортақ келісімге келуге тиіс.
Эмма Буретта, саммитке қатысушы:
- Егер біз қазба отынынан кезең-кезеңімен бас тартуға қол жеткізе алмасақ, орташа температураның 1,5 градустан асып кету ықтималдығы өте жоғары. Ал бұл өмір сүру үшін қиындық туғызады. Болашағымыз үшін қатты алаңдаймын.