Газаға гуманитарлық көмек жеткізіледі
Израиль билігі Газада гуманитарлық көмек жіберу үшін Керем өткізу-бақылау пунктін ашуға рұқсат берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастаманы құптады. Шешімге сай жуық арада аймаққа 200 жүк көлігі азық-түлік, ауызсу, дәрі-дәрмек пен жанармай жеткізіледі. Сондай-ақ ұйым өкілдері өңірдің солтүстігіндегі 3 ауруханаға жылдам көмек беру керек дабыл қағып отыр. Өйткені онда дәрі-дәрмек таусылып, науқастардың өміріне қауіп төнген.
Ричард Пиперкорн, Газадағы ДДСҰ өкілі:
- Бұл – өте жақсы жаңалық. Бірақ жүк көліктерінің Газаның оңтүстігіне ғана емес, басқа да аумақтарына өте алатынына кепілдік бар ма? Өйткені ол жақтарда әскери қимылдар жүріп жатыр. Сондықтан ондағы мекендерге жүк жеткізу өте қауіпті.