Колумбияда 2 тонна кокаин тәркіленді
Колумбияның солтүстігіндегі Барранкилья портында полиция 2 тоннадан астам кокаин тәркіледі.
Есірткі тасымалдаушылар оны Еуропаға жеткізу үшін көмір кесектерінің арасына жасырған. Құзырлы органның мәліметінше, мұхит аспақ болған заңсыз жүктің құны 11 млн долларға жуықтайды.
Колумбияда ұйымдасқан қылмыстық топтар есірткі заттарын шетелге осы жолмен жиі тасымалдайды. Жыл басынан кокаинды кофе, жеміс-жидек, тіпті консервіленген балық арасына тығып алып өтпек болған.