Сербияда парламент сайлауы өтті

Сербияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті.

Науқанда Сербия прогрессивті партиясы жеңіске жетті. Ол экзитпол нәтижесі бойынша 46 пайыз дауыс жинаған. Саяси ұйымға Президент Александр Вучич жетекшілік етеді. Негізі Парламент сайлауы келер жылға жоспарланған еді. Бірақ елдегі саяси-әлеуметтік шиеленіске байланысты Вучич мерзімінен бұрын өтеді деп бекіткен. Бұл кейінгі онжылдықтағы бесінші сайлау.