Қытайда кенеттен күн суытты
Қытайдың шығысы мен оңтүстігінде қалың қар жауып, күн күрт суытты.
Салдарынан көлік қатынасы қиындады. Елдің солтүстігінде ауа температурасы рекордтық деңгейге дейін төмендеген. Мемлекет астанасы Бейжіңде күн суық. Синоптиктер апта соңына дейін осындай ауа райы сақталатынын ескертеді. Күн суытқасын,,,үйге тапсырыс берушілер қатары көбейді. Бұл курьерлердің жұмысын қиындатып отыр.
Сюй Ян, курьер:
"Күн күрт суытып кетті. Бейжіңнің ескі ауданына заттар жеткіземін. Бұл өңірде негізінен қарт кісілер тұрады. Қарды тазалау жұмыстары баяу жүріп жатыр. Сондықтан қатынау қиын. Оның үстіне жол тайғақ. Қарт кісілер тысқа шығуға қорқады. Тапсырыстың көбеюінің де себебі осы. Қазір көрпе, жылытқыш құралдарға деген сұраныс жоғары."