Парижде Рождествоға орай Астана күндері жәрмеңкесі басталды
Парижде Рождество мерекесіне орай Астана күндері жәрмеңкесі басталды.
Іс-шара аясында қазақстандық қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Бастамаға Астана әкімдігі мен Франциядағы қазақ әйелдерінің қауымдастығы мұрындық болған.
Елордалық қолөнершілердің Париждегі Астана күндері жылдағыдан ерекше басталды. Олар келушілерге қазақтың ұлттық тағам түрлерінен дәм ұсынып, домбыра, асық сынды құндылықтарымызды көпшілік назарына паш етті. Этнодизайнер Бибігүл Қарденова көрмеге құр қол келмепті. Шебер киізбен көмкерілген жібек шапандары мен сөмке, бас киім сынды өз қолынан шыққан бұйымдарын ала келіпті. Ал зергер Жарқынбек Түкбидің әшекей заттары алыстан-ақ менмұндалайды. Оның авторлық туындыларына қызығушылық танытқандардың қатары көп болды.
Жарқынбек Түкби, зергер:
- Кеше бірінші күн басталған... Вчера начали продавать, хорошо пошло. Туристы на ярмарке изучали наш товар, были продажи. Казахский национальный продукт, национальные ювелирные изделия вызвали большой интерес. И наша цель – наше народное, отечественные товары, ювелирное мастерство, ремесленные продукты привезти сюда, чтобы познакомить Европу, зарубежные страны с нами.
Бибігүл Қарденова, этнодизайнер:
- Солай болып тұр… Так и получается, что в Париже много покупают наши ремесленные товары, и в этом году в качестве подарков здесь будут дарить нашу казахстанскую продукцию. И за возможность приехать сюда и представить наши казахские ремесла хочется поблагодарить акимат Астаны и ассоциацию казахских женщин, которые живут здесь во Франции. На привезенные в Париж из Казахстана товары хороший спрос, и мы этому рады.
Әдетте француздар Рождествоға арналған жәрмеңкені асыға күтеді. Өйткені көрме алаңында тұрғындар серуендеп, сауда жасап, мерекелік атомсфераны сезінеді. Елордалық қолөнершілер ұсынған ұлттық бұйымдарды тамашалап қана қоймай, Қазақстанның туристік аймақтарымен танысуға да мүмкіндік алды.
Синди, жергілікті тұрғын:
- Мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл көрме жылдағыдан ерекше. Біз жәрмеңкеде Қазақстан туралы тың ақпарат алдық, бұл елдің ұлттық мәдениетімен таныстық. Сол себепті біз үшін өте ұтымды іс-шара болды.
Париждегі Астана күндерінің ашылғанына бір-ақ күн болса да, тұрғындардың Қазақстан тауарларына деген қызығушылығы кәдімгідей байқалады. Өйткені француздар сапалы, ерекше дизайнмен жабдықталған қолдан жасалған бұйымды жоғары бағалайды. Сол себепті қазақтың қолөнері Францияда үлкен сұранысқа ие.
Әсия Нұрлыбаева, Әлия Сыздықова