Биыл Аяз ата кеңсесінде адам көп болады
Аяз ата кеңсесіне келушілер қарасы қалың болады.
Былтырмен салыстырғанда қонақтар саны 20 пайызға көп болуы тиіс. Сөйтіп, меже пандемияға дейінгі көрсеткіштен асып кетеді деп күтілуде. Айта кеткен жөн, Аяз ата кеңсесі Финляндияның Лапландия өңірінде орналасқан. Мұнда тақырыптық саябақтар, эльфтер театры, кәдесыйлар сататын дүкендер бар. Қонақтарың көбі балалы отбасылары. Жыл сайын өңірге 500 мың адам барады.