Америкадан қазақ елі жайлы кітап табылды
Америкадан қазақ тарихы жөніндегі көне кітап табылды.
Жинақ 1925 жылы Нью-Иорк және Бостонда, яғни қос қалада бірден басылып шыққан. Кітапты тапқан сол елде оқып жүрген, оқып қана қоймай қазаққа қатысты құнды мұраларды зерттеп жүрген журналист Дүйсенәлі Әлімақын. Кітап Вашингтондағы Католик университетінен табылған.
«Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-та оқитын Дүйсенәлі Әлімақын қолы қалт етсе осындағы мұрағаттарды ақтарудан шаршамайды. Сөйткен еңбегі ақталды. Бір ғасыр бұрын жазылған британдық жазушы тарихшы әрі қоғам қайраткері Ральф Фокстың кітабын тапты. «Дала халықтары» атты жинақ, автордың алғашқы еңбегі екен.
Дүйсенәлі Әлімақын, журналист:
- Кітап ішінде қазаққа қатысты дерек өте мол деп айтуға болады. Ең бастысы кітаптың екінші мұқабасында қазақтың құсбегісінің суретін салған. Кәдімгі 1900 жылдардағы қазақтың бейнесі. Сосын мұнда арнаулы тарауы «қазақ мінезі» деп аталады. Қазақ туралы, қазақтың кім екені. Ең бастысы бұдан бұрынғы батыс және басқа елдің саяхатшылары қазақтарды қырғыздармен шатастырады. Ал мында бұл ұғымға өте дәлдікпенен баға береді.
Батыс зерттеушілері 19 -шы ғасырда қазақ халқы жайында түрлі еңбектер жазған. Ральф Фокс -солардың бірі. Ол қазақ ауылдарын аралап, тұрмысын, салт- дәстүрін зерттеген.
Мұнда 1534 жылдан бұрын дейді, жаңағы Темірлан қайтыс болғаннан кейін олар далада еркін өмір сүрді дейді. Ол кезде ешкім қазақтарға былайша айтқанда өзіне өзі қожа болып өмір сүріп жатты дейді.
Автор қазақ жерінде көрген-білгенін нақты деректермен жазған. Кітапта 1900 жылдары Арал теңізінің Көк теңіз деп аталуы, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің ақиқаты мен екі ғасыр бұрынғы қазақ әйелінің бет-бейнесін суреттеп, халықтың тұрмысын сөз етеді.
Дүйсенәлі Әлімақын, журналист:
- Батыс сахатшылары болсын, американ саяхатшылары болсын бәрі 1900-1800 жылдардан бастап қазақ даласына барған. Солардың тарихы туралы, солардың мәдениетін, солардың халқының тұрмыс тіршілігін, саяси жағдайын, олардың көзқарасы, діні, мектебі, жағдайы бәрі туралы ақпарат жазып, кітап қып Америкада, Еуропада кітап қып шығарған. Неге десеңіз бұл қарым қатынастың сол кезден басталғанын айғақтайды.
Айжан Сыдықова, тілші:
- Дүйсенәлі Әлімақын небәрі үш айда бір ғана Вашингтоннан қазақ халқына қатысы бар тарихи фактілерге толы осындай бірнеше кітап тапқанын айтады. Ол басқа штаттардағы кітапханалар мен мұрағаттарда әлі талай кітаптардың болуы әбден мүмкін -дейді.