Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты
Қытайдың Цинхай және Ганьсу провинцияларында болған зілзаладан опат болғандар саны 127-ге жетті.
530-дан астам адам әр түрлі деңгейде жарақат алды. Іздеу-құтқару жұмыстары екінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Зардап шеккен аймаққа жүздеген әскери қызметкер мен медициналық бригадалар жіберілді. Жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирап, жолдар бүлінген, жергілікті байланыс істен шықты. Естеріңізге сала кетейін, табиғи апат 19 желтоқсанға қараған түні болды. Қытай Орталық телеарнасының мәліметі бойынша, апат ошағы Цинхай провинциясымен шекарадан бес шақырым жерде тіркелген. Ал оның магнитудасы - 6,2.