Перуде қуатты жер сілкінісі болды
Перудің оңтүстігінде 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағы Кастилья провинциясының таулы аймақтарында анықталған. Салдарынан сол маңда көшкін жүріп, үйінділер 9 қалаға өтетін тас жолды жауып тастаған. Жергілікті билік құтқару бригадасын жасақтап, бүлінген жолдарды қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазір Перуде басталған жер сілкінісі көршілес Чили, Аргентина елдеріне жетті, дейді сейсмологтар.
Айта кетейік, Перуде биыл бас-аяғы 700-ге жуық жер сілкінісі тіркелген.