Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналық саны 20 мыңға жетті

Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналық саны 20 мыңға жетті

Газа секторында Израиль шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 20 мыңға жетті.

Бұл туралы ХАМАС-тың баспасөз қызметі хабарлады. Опат болғандардың 8 мыңға жуығы бала және 6200-і әйел. 7 қазан күні басталған қақтығыс салдарынан 52 мыңнан астам адам жарақат алып, тағы 6700 тұрғын хабар-ошарсыз кетті. Жалпы алғанда 310 медицина, 35 азаматтық қорғаныс қызметкері және 97 журналист қаза тапқан.