Әлемде коронавирус қайта күшейді

Әлемде коронавирус індеті қайта өршіп барады.

20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында қауіпті инфекцияны 850 мыңнан астам адам жұқтырған. Бұл алдыңғы 4 аптамен салыстырғанда 52%-ке көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Оңтүстік-Шығыс Азияда сырқаттанғандар саны 388%-ке, ал өлім-жітім көрсеткіші үш есе өскен.