Ресейде COVID-19 жұқтырғандар көбейді

Ресей коронавирус жұқтыру деректері бойынша әлемде көш бастап тұр.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Кейінгі бір аптада қауіпті вирус 97 мың адамнан анықталған. Оның 161-і көз жұмыпты. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша қазір Италия жаһанда бірінші орында тұр. Бір ай ішінде бұл елде 510 азамат дүние салды. Соңғы бір айда дүниежүзінде 3 мыңнан аса адам COVID-тен қайтыс болған.