Әлемдегі әуежайларда қарбалас басталды
АҚШ-тың Калифорния штатында ай басталғалы 50 рейс тоқтап, 1200-і кешіккен.
Өйткені жолаушы көп. Бір аптада 115 миллион саяхатшы тіркеуден өтуі керек. Ал оларға қызмет көрсететін маман тапшы. Оның үстіне ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіріп тұр. Америкалық әуекомпаниялар пандемиядан кейін саяхаттаушылардың саны артқанын айтады. Ал әуежайлардағы қызмет сапасы тиісті деңгейде емес.
Түркияға ағылған турист көп
Халықаралық VisaGuideWorld жүргізген статистика бойынша ұшақпен көп қатынайтын елдер тізімінің ондығында Түркия мемлекеті бар. Соңғы 11 айда бұл елдегі әуежайлар 52 миллион 742 мың адамды қабылдаған. Оның 46 миллионы шетелдік туристер болса, 6 миллионы ел ішінде сапар шеккен азаматтар. Жалпы биылғы көрсеткіш өткен жылмын салыстырғанда 10 пайызға артқан.
Лапландия
Жаңа жыл қарсаңында Лапландияға ағылған адам қарасы көп. Ел астанасы Рования, яғни "Аяз ата" қаласына күніне 60 мың турист барады. Былтыр бір ғана Рования әуежайы миллиондаған жолаушы қабылдаса, биыл бұл көрсеткіш 2 есе артқан. Себебі жыл басынан шаһарға тікелей 13 әуе рейсі ашылды. Туристер қарасының артуына байланысты әуежай компаниялары да жұмысқа маусымдық қызметкерлерді көптеп тартты. Бірақ бірлестіктер маман тапшылығы әлі де сезіліп отырғанын айтады.
Фариза Жанғанаева