Әлемдегі Аяз аталарға қатысты қызықты деректер
Испания астанасы Мадридте Аяз аталар марафоны өтті. Қызыл киімді ертегі кейіпкерлері мен эфльтер 4 шақырым жүгіріп, жиналған соманы қайырымдылық қорына аударды.
Ал Үндістанда туристер мен тұрғындарды пияздан жасалған алып Санта мүсіні таң қалдырды. Әлем елдеріндегі жаңа жылдық қызықтар жайлы біліңіздер.
Аяз аталар марафоны
Испания астанасы Мадридте дәстүрлі Аяз аталар марафоны өтті. Қызықты шараға 6 мыңға жуық Санта Клаус пен бір мыңдай эльф қатысты. Аяз аталар 4,5 шақырым жерді жүгіріп өтті.
Алисия Паласиос, зейнеткер:
- Мені қыздарым жүгіруге мәжбүрлеп әкелген еді. Бірақ маған шара қатты ұнады.
Сайыста сүйкті жануарларын жеттектеп жүгіргендер де болды. Жарысқа шетелдік туристер де қатысты. Аталған шара биыл 12 рет ұйымдастырылып отыр. Ал жиналған қаражат қайырымдылық мақсатта пайдаланылады.
Аяз атаның алып мүсіні
2 тонна пияз бен құмның көмегімен құрастырылған Аяз атаның алып мүсіні. Ұзындығы – 30, ал биіктігі – 6 метр болатын туындыны жергілікті суретшінің бірі дайындаған. Қонақтар ерекше мүсінді елдің Шығыс жағажайына барып, тамашалай алады.
Сударсан Паттнайк, суретші:
- Алып мүсінді құрастыру үшін екі тонна пияз бен құмды қолдандық. Мақсатымыз – Аяз ата мүсіні арқылы жұрттың назарын өсімдік әлеміне аудару. Климаттық өзгерістен жасыл желектерімізге орасан зор залал келіп жатқаны белгілі. Соны бір еске салғымыз келді.
Аяз атаның айласы
Перуде Санта Клаус балаларға сыйлық сыйлап қана қоймай, полицияға қарақшыларды ұстап беруге көмектесіп жүр.
Ел астанасы Лимада аяз ата есірткі саудасымен айналысатын топты тұтқындау операциясына қатысты. Ол күдіктілер тұратын үй есігінің құлпын бұзып, ашып берді. Жалпы Перу полициясы жаңа жыл алдында осындай айла тәсілдерді жиі қолданады.
Сымбат Молдатай, «24.KZ»