Берлинде жүгіруден ерекше жарыс өтті

Дода жыл сайын рождество мерекесі қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады екен.

Сайыс спорттан гөрі жалпыхалықтық жаппай жүгіру мерекесіне келеді. Сондықтан болар балпаң басқан қатысушылар бұл сайысты «қаздың құрметіне арналған жүгіріс» деп те атайды. Себебі, неміс мерекелік дастарханының сәні - қуырылған қаз. Марафонға екі жүзден астам адам қатысты. «Іс-шараның мақсаты - артық салмақтан арылу», - дейді ұйымдастырушылар.