Перудегі Ларето аймағын су басты

Перудің солтүстік-шығысындағы Лорето аймағы су астында қалды.

Мұнда Амазон және тағы бірнеше жергілікті өзен арнасынан асып, жүздеген адам эвакуацияланды. Әзірге зардап шеккендер мен келтірілген залал көлемі белгісіз. Ауа райы қызметінің хабарлауынша, екі тәулік тоқтамай жауған жаңбыр әлі де себелеп тұр. Айта кетерлігі, әдетте, наурыз айына дейін аймақта жауын-шашын мөлшері көп түседі.