Аргентинада дәріхана қызметкерлері шеруге шықты
Аргентинада дәріхана қызметкерлері наразалық акциясын ұйымдастырды.
Жұрт биліктің дәрі-дәрмек сатылымына қатысты жаңа ережесіне қарсы. Себебі ол дәрігердің рецептінсіз берілетін дәрі-дәрмекті дәріхана аумағынан тыс жерде сатуға рұқсат береді. Ал бұл фармацевт мамандығының беделін түсіріп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді, - дейді шерушілер. Олар президенттің осы мәселеге қатысты жарлығының күшін жоюды талап етіп жатыр.
Аргентинада өткен айда билік басына әсіре ұлтшыл Хавьер Милей келіп, бірқатар жаңа заң қабылдаған еді. Бірақ олар жұрт көңілінен шықпай, бірнеше шеру өтті.