Марокко қуаңшылық қыспағында қалды
Қуаңшылық марокколық шаруаларды қыспаққа алып жатыр.
Жауын-шашынның аздығынан егістіктің көбі күйіп кеткен. Шаруалардың сөзінше, жағдай жылдан жылға күрделеніп барады. Сондықтан олардың дені егін егу мен мал бағудан бас тарта бастаған. Ресми мәлімет бойынша биыл Мароккода жауын-шашын түсімі орташа көрсеткіштен 67 пайызға аз болған. Осыған байланысты жергілікті билік елде суды пайдалануға шектеу қойды. Марокко тұрғындарының үштен бірі ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. Ел экспортының 14 пайызы осы сектордың үлесінде.