Испания жағалауында 57 мигрант құтқарылды

Испанияның Канар аралдары маңында 57 мигрант құтқарылды.

Босқындар Африкадан Пиреней түбегіне шағын қайықпен жетпек болған. Бірақ теңізде толқын тұрып, апатқа ұшырай жаздаған. Арал маңында жүрген жағалау күзеті мигранттарды байқап қалып, оларға дереу көмекке келген. Испанияның ішкі істер министрлігі таратқан ақпарға қарағанда былтыр Канар аралдарына 40 мыңдай мигрант келген. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 140 пайызға көп.