Калифорнияда қоғамдық орында қару алып жүруге тыйым салынды
АҚШ-тың Калифорния штатында қоғамдық орындарда қару алып жүруге тыйым салатын заң күшіне енді.
Оған аймақтың Федералдық аппеляциялық сотының, өткен аптада округтік судьяның үкімін уақытша тоқтатуы негіз болды. Сот судьяның шешімі конституцияға қайшы деп тапқан. Ал жаңа заңға сәйкес азаматтардың кітапхана, саябақ және спорттық іс-шараларда суық қару алып жүруіне тыйым салынған. Ресми дерекке сүйенсек, былтыр АҚШ-та 42 жарым мың адам оқ жарақатынан қайтыс болған.