Берлинде дәстүрлі марафон өтті
Берлиндіктер жаңа жылды жүгірумен бастады.
Мыңдаған желаяқ атақты Бранденбург қақпасының маңына жиналды. Олар 4 шақырымды еңсерді. Бұл дәстүрлі марафон. Биыл 51-рет өтті. Жарысқа 4 мыңнан астам адам қатысқан. Марафон ақылы болды. Ұйымдастырушылар түскен ақшаны мұқтаж жандарға таратамыз деп отыр.