Францияда біреулер 745 көлікті өртеп жіберді

Францияда жаңа жыл түні 745 көлік өртелді.

Осыған байланысты 380 адам қамауға алынды. Республикада жыл сайын осындай оқиғалар қайталанып отырады. Әдетте жастар көліктерді қасақана өртейді. Десе де, бұл жолы былтырмен салыстырғанда мұндай оқиғалар 10 пайызға аз болған екен. Өйткені қауіпсіздік шаралары күшейтілген.