Литвада шетелдік жұмысшыларға талап күшейтілді
Литвада биылдан бастап шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жаңа ереже күшіне енді.
Маңызды құжатта жұмыс беруші мен жұмысшыға қойылатын талап қатаңдатылған. Мәселен, шетел азаматы Литвада жұмыс істеу үшін алдымен, тіл меңгеру деңгейі бойынша тестілеуден өтуі қажет. Тұрақты қызметке орналасқаннан кейін 6 ай ішінде жұмыс орнын ауыстырмауға тиіс. Сондай-ақ міндетті сақтандыру келісімшартын рәсімдеуі талап етіледі. Билік жаңа ереже жергілікті халықтың еңбек құқын қорғауға, сондай-ақ шетелден арзан жұмыс күшін пайдаланудың алдын алуға ықпал етеді дейді.