Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 100-ге жетті.

Бұл туралы ел премьер-министрі хабарлады.

Айтуынша, тағы 211 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Табиғи апат аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге зілзаладан келген шығын көлемі белгісіз. Ондаған адам әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Жолдардың қирауынан тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жағында да қиындықтар бар.