Ұлыбританияда бірнеше өңірді су басты
Ұлыбританияның бірнеше өңірі тасқынмен күресіп жатыр.
Толассыз жауған жаңбырдан көшелер көлге айналып, мыңнан астам үй мен кәсіпорын су астында қалған. Жолдарды су шайып кеткендіктен, аймақта көлік қатынасы да қиындаған. Билік өкілдерінің айтуынша, алдағы күндері су деңгейі көтеріледі деген қауіп бар. Осыған байланысты шенеуніктер тұрғындарға ескерту жасап жатыр.