Зілзала зардабы: Жапонияда 516 адам жарақат алды

Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 126-ға жетті.

Тағы 516 адам жарақат алған. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады. Қазір табиғи апат аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Өйткені із-түзсіз жоғалып кеткен азаматтар бар. Әзірге зілзаладан келген шығын көлемі белгісіз. Ел орталығында ондаған адам әлі күнге дейін жарықсыз отыр. Жолдардың қирауынан тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізу жағында да қиындықтар бар.