Боливияда 9 тоннадай кокаин тәркіленді

Боливия билігі құны 224 миллион доллар болатын есірткі тәркіледі.

Салмағы 9 тоннаға жуық кокаинды күдіктілер жүк көлігінің еденіне жасырып, Чилимен арадағы шекарадан алып өтпек болған. Ішкі істер министрінің айтуынша, есірткі тасымалдаушылар заңсыз затты Еуропаға жеткізуді көздеген. Аталған іс бойынша 4 адам қолға түсті. Қазір бәрі қамауда. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.