Жапонияда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Жапонияның жер сілкінісі болған аймағында құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
242 адам із-түзсіз жоғалып кеткені айтылды. Бірақ уақыт өткен сайын оларды іздеп табу үміті азайып барады, - дейді билік өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың бірінде Ното түбегінде қуаты 7,6 балл зілзала болған еді. Соның салдарынан 128 адам опат болды. 560 азамат жарақат алды. 1370-тен астам үй ішінара немесе толығымен қирады. Мыңдаған тұрғын жарықсыз, сусыз қалды.