АҚШ-та 171 ұшақ қолданыстан алынды
АҚШ-та Boeing 737 MAX 9 деп аталатын 171 ұшақ қолданыстан шығарылды.
Американың Федералды азаматтық авиация басқармасы осындай шешім қабылдады. Бұған жуырдағы оқыс оқиға себеп. 5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Boeing 737-нің апаттық шығу есігі жұлынып кеткен еді. Осыған байланысты әуе кемесі 35 минуттан кейін Портленд әуежайына оралуға мәжбүр болды. Қазір АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі оқиғаны зерттеп жатыр. Ал авиация басқармасы осы модельдегі ұшақтардың бәрін тексеруге кірісті.