Қытай АҚШ-қа санкция сала бастады
Қытай билігі Тайваньға қару-жарақ сатқан 5 америкалық компанияға санкция салды.
Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланды.
Ресми Бейжің бұл "Бір Қытай" қағидатын бұзу деп айыптап отыр. Енді қара тізімге енген 5 компанияның Қытай аумағындағы жылжымайтын мүліктері мен активтері бұғатталады. Сонымен қатар олардың ел аумағында бизнес жүргізуіне тыйым салынады.