Қан қысымын өлшейтін жасанды интеллект
Танометрмен емес, енді қан қысымыңызды бет-әлпетіңіз арқылы өлшеуге болады.
Бұл жапондық ғалымдар ойлап тапқан жаңа жүйе.
«Жасанды интеллект арқылы басқарылатын жүйе жүрек соғысын, тыныс алу жиілігін, қан қысымын небәрі 10 секундта тексере алады. Тұрғындар дәрігерге сол үшін арнайы бармай-ақ, үйден тексеруге мүмкіндігі болады дейді», - ғалымдар.
Хитоши Имаока, зерттеуші:
- Бұл жүйе дәрігерлерге көмекші болады деуге толық негіз бар. Оның үстіне ғалам қазір сенсорлы, цифрлық жүйеге көшіп жатыр ғой. Бұл да соның бір көрінісі. Көрмеге келушілер арасында қызығушылық танытқандар көп болды. Халықтың пайдасына жараса екен дейміз.
Жүйе өз алдына бөлек смартфон арқылы жұмыс істейді. Соған кіріп, камераға қарасаңыз болғаны. Көз қарашығының қимылы, бетіңіздегі әрбір қозғалыс арқылы қан тамырларының жиілігін көруге болады.
Хитоши Имаока, зерттеуші:
- Кейінгі жылдары жер бетінде адамдар тез қартайып барады. Сәйкесінше қарттар көп. Олардың денсаулығы жиі сыр береді. Біз бұл жүйені сол қарт кісілер оңай пайдалансын деп жасадық.
Ғалымдардың 20 жыл бойғы еңбегі еш кеткен жоқ. Жаңа жүйе жыл соңында қолданысқа енбек. Өйткені, Лас-Вегастағы көрмеде Жасанды интеллект аясында үздік технология ретінде танылды. Алдағы уақытта ғалымдар жүйе жұмысын кеңейтіп, күйзеліс деңгейін көрсететін қызметті де іске қосуды көздеп отыр.
Авторы: Фариза Жанғанаева