Әлемде ковид пен тұмауға қарсы вакцина салу көрсеткіші төмендеген

Әлемде ковид пен тұмауға қарсы вакцина салу көрсеткіші төмендеген

Әлем елдерінде КОВИД-19 бен тұмауға қарсы вакцина салу көрсеткіші төмендеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары вирустың беті әлі қайтпады деп отыр. Кейбір елдерде инфекцияны жұқтыру деректері күрт өскен. Мәселен, АҚШ пен Еуропа елдерінде емдеу мекемелері респираторлық инфекцияға шалдыққан науқастарға лық толы. Аймақтың кей өңірлерінде өлім-жітім көбейген. Ал Испания үкіметі аурудың асқынуына байланысты елде бетперде режимін енгізді. Былтыр желтоқсан айында әлемде ковид инфекциясына шалдыққан 850 мыңнан астам адам тіркелді.