Еуропалық Кеңес президентін сайлау науқаны басталды

Еуроодақ елдерінде Еуропалық Кеңес президентін сайлауға дайындық науқаны басталды.

Қазір Брюссельде үміткерлердің есім-сойы қызу талқылануда. Олардың қатарын Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Кошта, Даниядағы әріптесі Метте Фредериксен, Швецияның экс-премьері Стефан Лёвен мен Еуропалық орталық банктің бұрынғы басшысы әрі Италияның Премьер-министрі Марио Драги толықтырды. Сарапшылар, кандидаттар арасында бәсекелестік жоғары дейді. Бірақ жаңа басшының кандидатурасы бірауыздан мақұлданбаса, бұл лауазым Одаққа төрағалық ететін елдің Премьер-министріне өтеді. Ал кеңестің қазіргі жетекшісі Шарль Мишель сайлау қорытындысы белгілі болғанша қызметін жалғастыра береді. Айта кетейік, саясаткер бұған дейін Бельгияның премьер-министрі қызметін атқарған. Ал 2019 жылдан бері Еурокеңеске жетекшілік етеді.

Шарль Мишель, Еурокеңес президенті:

- Мен көп еңбектендім, өз қызметімді тәмамдағанша жұмысымды соңына дейін жалғастыра беремін. Маусым айындағы сайлаудан кейін демократиялық жүйенің өзгеретінін бәріміз де жақсы білеміз. Еурокомиссия жаңаша бағытта жаңа командамен жұмысын бастайды. Бұл қызметке келген азамат жауапкершілікті толық сезініп, ісін адал атқарады деп сенемін.