Колумбияда лай көшкінінен 34 адам көз жұмды

Колумбияның солтүстік батысында лай көшкінінен 34 адам опат болды.

Ондаған азамат жарақат алды. Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін 25 адам ауруханаға жатқызылған. Бұдан бөлек лай көшкіні тас жолды басып, бірнеше көлік бүлінген. Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Себебі із-түзсіз жоғалып кеткендер бар.