Марапи жанартауы атқылап жатыр

Индонезияда Марапи жанартауы оянып, айналасына от пен күл шашып жатыр.

Жанартау өзегінен шығып жатқан түтін 1,5 шақырым биіктікке көтерілген. Жергілікті геология агенттігінің хабарлауынша, вулканға жақын орналасқан үйлер мен автокөліктерді толығымен күл басқан. Көп ұзамай аймақта лай көшкіні мен лава ағыны жүреді деген қауіп бар. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшуге шақырып жатыр. Әзірге табиғи апаттан қаза тапқандар жайлы ақпарат жоқ. Ондаған адамның ауруханаға түскені белгілі.