Иран Иракты зымыранмен атқылады
Иран Ирак аумағын зымыранмен атқылады.
Нысанаға Эрбиль қаласындағы АҚШ консулдығы алынған. Бірақ маңайдағы тұрғын үйлерге де зақым келді. Шабуылдан 4 адам қаза тауып, тағы 6-уы жараланған. "Рейтер" агенттігі құрбандар арасында ірі күрд бизнесмен Пешвар Дизайи мен оның отбасы мүшелері барын айтады. Бомбалауға байланысты қаладағы әуежай жұмысы тоқтаған. Иран әскері зымыран шабуылы жақында Керман қаласында болған лаңкестік әрекеттерге қарымта ретінде жасалғанын мәлімдеді.