Қырғызстанда әскери тікұшақ құлады

Қырғызстанда әскери тікұшақ құлады

Бішкекте Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады.

Қайғылы оқиғадан 1 адам көз жұмып, тағы 8-і жарақат алған. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Апат оқу-жаттығу кезінде болған. Тергеу жүріп жатыр.