Қызыл теңізде жүк тасымалы қиындады
«Қызыл теңізде кеме қатынасы қиындап, жүк тасымалы қиындады. Бұл әлем елдерінде азық-түлік тапшылығын туғызып, бағаның өсуіне әкеп соғуы мүмкін»,-деп жазады «Блумберг» агенттігі.
Қызыл теңіздегі текетірестің кесірінен Еуропадан Азияға бет алған кемелер айналма жол арқылы жүруге мәжбүр. Соның салдарынан тауарды жеткізу мерзімі бірнеше тәулікке ұзарды. Өткен жылдың қарашасынан Қызыл теңізде 20-дан астам жүк кемелеріне шабуыл жасалған екен.