АҚШ-та аяздан 89 адам көз жұмды

 

CBS News  арнасының хабарлауынша, әсіресе, Теннесси штатының тұрғындары қатты зардап шегіп отыр. 45 мың тұрғын электр жарығынсыз қалған. Пенсильвания, Калифорния және Нью-Мексикода дауыл соқты. Жалпы Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде ауа температурасы минус 34 градусқа дейін төмендеген.  Бірнеше штатта қалың қар жауып, жолдар жабылды.