Қытай пандалар күтімін қадағалауды күшейтеді

Қытай билігі өзге елдердегі пандаларды бағып күтуге қатысты бақылауды күшейтеді.

Қазір шет мемлекеттердегі хайуанаттар бағында 56 жануар бар. Былтыр солардың жағдайын тексеріп отыратын арнайы құрылым құрылды.

Айта кеткен жөн, панда Қытай елінің басты нышандарының бірі саналады. Ресми Бейжің бұл аюларды өзге мемлекеттерге жалға беру тәжірибесін 1984-ші жылы бастаған. Мұндай шара мемлекттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған дипломатияның бір түрі болып есептеледі.