Ресейде ескі жеделсаты мәселесі өзекті
Ескірген жеделсаты мәселесі көрші Ресейде де өзекті. 12 аймақтағы тұрғын үйлердегі лифтілерінің жартысынан астамы тозған.
Ресей Федерациясы Кеңесінің мәліметі бойынша, елдегі әр бесінші лифтімен жүру өмірге қауіпті. Яғни техникалық талап бойынша 124 мың жеделсатыны шұғыл түрде ауыстыру қажет. Мәселен кейінгі 4 жылда лифтідегі апаттан 56 адам көз жұмып, 300-ден астамы жараланған. Былтыр тұрғындардың өз қаржысына 46 мың көппәтерлі үйде күрделі жөндеу жүргізілген екен.
Ирина Генцлер, «Қала шаруашылығы» мекемесінің директоры:
- Негізі үйлерді кезекпен жөндейтін аймақтық оператор бар. Бұдан бөлек, «Лифтілерді бөліп төлеу арқылы ауыстыру» деген арнайы бағдарлама жұмыс істеп тұр. Тұрғындар қажет ақшаның 50 пайызын жинаса, лифт ұйымдары ауыстырып береді. Қалған қарыз 5 жылға бөліп төлеу арқылы қайтарылады.