Венецияда дәстүрлі карнавал жүріп жатыр
Биыл атақты Марко Полоның дүниеден озғанына 700 жыл.
Бұл жолғы шара венециялық жиһангезге арналып отыр. Екі апта бойы су үстіндегі қаладағы іс-шаралар оның Азиядағы саяхаты кезіндегі оқиғалар желісінде ұйымдастырылады. Шаһар тұрғындары мен қонақтарына түнгі парад, бал-маскарад, Гранд каналдағы шоулар көрсетіледі. Карнавал 13 ақпанға дейін жалғасуы тиіс.