Қытайда Жаңа жылға байланысты саяхат маусымы басталды
Алғашқы күннің өзінде 189 миллион жолаушы саяхаттаған.
Тұрғындар өзге өңірлердегі туыстарына қонаққа барады. Басқа елде жүрген Қытай азаматтары отанына оралады. Биыл шығысымыздағы көрші ел мерекені 10-ақпанда атап өтеді. Осыған орай тұрғындар 7 күн демалады. Ал жалпы саяхат маусымы 5-наурызға дейін жалғасуы тиіс. Осы уақыт ішінде 9 миллиард жолаушы сапарлайды деп күтілуде.