Нигерияда мектепте жарылыс болды
Нигерияның Майдугури қаласындағы мектепте жарылыс болып, 7 оқушы қаза тапты.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылыс бомбаның іске қосылуынан болған. Балалар оны металл зат деген оймен тығып қойған, кейін сатпақ болған кезде жарылған. Әзірге бомбаны оқу орнына кімнің әкелгені белгісіз.
Айта кетейік, Нигерияда «Боко харам» лаңкестік ұйымы әрекет етеді. Кейінгі 15 жылда олардың шабуылынан 20 мыңнан астам адам құрбан болған.