Перудің орталық аймақтарын су басты
Перудің орталық бөлігі су астында қалды.
Бірнеше күн толассыз құйған нөсер соңы тасқын мен лай көшкініне ұласқан.
Су, үйлер мен көліктерді шайып кетті. Табиғи апат 10 мыңнан астам адамды шығынға батырды. Тұрғындарға ауыз су және электр жарығын беруге және көлік қозғалысына шектеу қойылды. Қазір өңірде тасқын салдарын жою және келтірілген шығын көлемін анықтау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Билік жақында тағы жаңбыр жауатынын және беталды жолға шықпауды ескертті.