Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 30 адам көз жұмды
Пәкістанның оңтүстік-батысында лаңкестік шабуыл салдарынан 30 адам мерт болды.
Оқиға елдегі парламенттік сайлау қарсаңында Пешавар қаласы мен Белуджистан провинциясында тіркелді. Лаңкес Пешавардағы «Авами Ұлттық Пәкістан» партиясы сайлауалды митингісінде өзін-өзі жарып жіберген. Ал Белуджистанда дауыс берушілер мінген автобусқа содырлар оқ жаудырып, 10 адам көз жұмған. Шабуылдың екеуін де Пәкістанда тыйым салынған «Техрик-е-Талибан Пәкістан» тобы өз мойнына алды. Жергілікті билік саяси науқан кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша сақтық шараларын күшейтті.
Еске салайық, елдегі парламенттік сайлау 19 шілдеде өтеді деп жоспарланған.