Исландияда жанартаудан тұрғындар эвакуацияланды
Исландияның оңтүстік-батысында жанартау атқылап, туристік Лагуна Азул және Сундхнукур қалаларына қауіп төнді.
Билік шаһар тұрғындарын қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр. Ал отты таудың оянуы оңтүстік аймақтарда су құбырына зақым келтірген. Салдарынан мыңдаған үй ыстық сусыз, жарықсыз отыр. Кеблавик халықаралық әуежайында да су құбыры істен шыққан. Мамандар апаттық құбыр арқылы ыстық суды қалпына келтіру бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін ескертті.