Филиппинде лай көшкінінен он бір адам қаза тапты
Филиппиннің Мако қаласында орналасқан алтын кенішінде лай көшкіні жүріп, автобусты басып қалды.
Соның салдарынан 11 адам көз жұмды. Жүзден астам кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, табиғи апат кезінде көлік ішінде 86 кенші болған. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Зардап шеккендер ауруханада.