Швейцариялық ғалымдар «ақылды» протез жасады

Жаңа технология жансыз буындарды оңай қимылдатады.

Протезге арнайы сенсор бекітілген. Сол арқылы кез келген затты сезіп, білуге болады. Құрылғының қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін сынаққа қолдарынан айырылған жандар қатысты. Олар заттарды сипау арқылы оның не екенін дәл таба алған. Ғалымдар тағы бірнеше тәжірибеден кейін тың технологияны сатылымға шығаруға ниетті.